Мектеп Тарихы » "Болашақ" ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"№35 Болашақ жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп Тарихы
10
қараша
2023

Мектеп Тарихы

                          "№35 Болашақ жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қысқаша тарихы 
       Мектептің қазіргі ғимараты Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Қ.Пернебаев ауылында орналасқан. Мектептің түпкі тарихы кеңес дәуірінен бастау алып, 50-жылдық тарихы бар. 

       Алғашқы рет мектеп 1972 - 1973 жылдары жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша Қоңырат ауылында "Бірлік" орта мектебінің филиалы ретінде ашылып, "Бірлік" орта мектебінің директоры ретінде Торыбаев Захан Торыбаевич басқарады. 1974 жылы көп ұлтты Қоңырат ауылында бір қабатты ғимарат 120 балаға арналған бастауыш сынып болып салынып, мектепке Зоя Космодемьянскаяның есімі берілді. Сол жылы директорлық қызметке М.Қ.Ырсаев тағайындалды. Зоя Космодемьянская атындағы бастауыш сыныптық мектеп 1976 жылы орыс сыныптық негізгі мектеп болып өзгертіліп, өз жұмысын жалғастырады. Бұл уақыттарда негізгі мектеп 8 сыныптық болғандықтан, оқушылар жоғарғы 9-10 сыныптарын "Бірлік" орта мектебінде және Атакенттегі өзге орыс сыныптық мектептерде жалғастырды.
        1979 - 1986 жылдары мектеп директоры болып Т.П.Шулячук қызметатқарған болса, 1986 - 1994 жылдары мектеп директоры қызметін Ж.Қ.Сариев атқарды. 80 жылдардың ішінде Зоя Космодемьянская атындағы орыс сыныптық негізгі мектепке қосымша ғимараттар салынып, 1989 жылы орта білім беретін орыс сыныптық мектеп болып құрылып өз жұмысын жалғастырады.
        1991 жылы Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары мектепке халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының есімі беріліп, мектепте бірте-бірте қазақ сыныптар ашылып орыс-қазақ мектебіне айналды. Үш ауданның (Мақтаарал, Жетісай, Киров) бірігуінің барысында 2000 жылы мектеп атауы өзгертіліп, №78 "Болашақ" жалпы орта мектебі деп аталды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары орыс сыныптар азайып, керісінше қазаөқ сыныптардың саны арта түсті. Бұл жылдары, яғни, 1994 - 2007 жылдары мектеп директоры лауазымын С.С.Ерманова атқарды. 2007 - 2010 жылдары мектеп директоры лауазымын Қ.Д.Мелдебеков атқарған болса, 2010 - 2016 жылдары С.С.Ерманова мектеп директоры лауазымын қайта жалғастырды.   
        Мектеп 2014 жылы қазан айында "Бірлік" ауылдық округіне қарасты Қ.Пернебаеыв ауылында орналасқан жаңа типтік 600 орындық ғимаратқа көшіп өттіп, қазақ сыныптық мектепке айналды. 2017 жылдың маусымы - 2021 жылдың қаңтары аралығында мектеп директоры лауазымын А.Қ.Байзақова атқарды. 2018 жылы маусымда іріленген Мақтарал ауданының бөлінуіне яғни Мақтаарал, Жетісай аудандарынының пайда болуына байланысты мектептің реттік саны өзгеріп "№35 Болашақ жалпы орта мектебі" атауымен жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі таңда, 2021 жылдың сәуірінен мектеп директоры лауазымын Н.А.Асабаев атқарып келеді. 
        Мектептің атауы 2023 жылыдың қыркүйек айынан бастап "№35 Болашақ жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив