06
қараша
2023
2023-2024 жыл Тілдер апталығындағы ашық сабақтар жинағы
06 .09. 23 ж күні қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі З.Тургунбаева,Э.Урбаевалардың ұйымдастыруымен «Тіл – тәрбие құралы, Мәңгілік елдің ұраны» тақырыбында 5 сынып оқушылары арасында мақал- мәтел сайысы өткізіліп, ребус шешу ойыны ұйымдастырылды. Халықтың рухани қазынасы мақал –мәтел екенін оқушылар білді
07.09.23 ж күні Тілдер апталығында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Исмаилова Алима,Ауезова Сәуле апайдың ұйымдастыруымен " Қ.А.Ясау- түркі халықтарының ар мен жан тазалығын дәріптеуші" тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында жатқа мәнерлеп оқу өткізілді.
Мақсаты: Қ.А.Ясауидің хикметтерінен үлгі алу және адамгершілікке тәрбиелеу, ұлағатты өсиеттерін оқушылардың бойына сіңіру
08 .09. 23 жыл күні қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімідері С.Ауезова, З.Тургунбаева ұйымдастыруымен «Өз ұлын,өз ерлерін ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кеменгерін» тақырыбында бүкіл түркі әлемінде өшпес із қалдырған Қ.А.Яссауидің туғанына 930 толуына орай және қазақ халқының атақты ақыны, белгілі Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған бейне сабақты 10 сынып оқушыларына өтті.
Мақсаты: Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, адамгершілік тәрбие беру,ойшылдар еңбектерін оқып үйрену және олардың мұраларына құрмет сезімдерін қалыптасрыру